Түркістан облысында жемқорлық күдігіне іліккен білім бөлімінің есепшісі қайтыс болды

1986

Оқиға 25 қаңтарда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жемқорлық күдігіне іліккен білім бөлімінің есепшісі қайтыс болды Фото: freepik

Деректерге сай, маманға жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылған.

“Мақтаарал ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицид жасау) фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазір өзін суицидке дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді полиция департаменті.

Өткен жылдың соңынан бастап Түркістан облысының білім басқармасында жемқорлыққа байланысты тексеріс жүргізілген.

Экономикалық тергеу департаменті бухгалтерге қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын да жасырмады.

"Қазір Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатын ұрлау) бойынша іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген тергеу департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу