Түркістан облысында кәсіпкер жаңа мектеп салып берді

2212

Түркістан облысының Төле би ауданында 100 орындық бастауыш мектеп ашылды.

Түркістан облысында кәсіпкер жаңа мектеп салып берді

Таскешу елді мекенінде ел игілігіне берілген білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған, деп хабарлайды 24.kz.

Жобалық құны 277 млн теңге болатын білім ордасында оқушыларға қажеттінің барлығы қарастырылған. Ойын алаңдары, спорт зал, медициналық бөлме, кітапхана және компьютерлік сыныптармен қамтылған. Мұнда оқушылар тек 4 сыныпқа дейін білім алады. Бұрын елді мекеннің балалары шағын ғана ескі мектепте оқып келген. Ол апатты деп танылғаннан кейін оқушылар шалғайдағы мектептерге қатынауға мәжбүр болған. Осыны аңғарған кәсіпкер білім саласының басшыларымен кеңесе отырып, мектеп салып беруді қолға алыпты.

Қазір осы шағын мөлтек ауданда 300-ден астам оқушы бар. Олардың дені жаңа мектепте білім алуға құштар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу