Түркістан облысында кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

450

Ол 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Түркістан облысында кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды Фото: google.com

Түркістанда кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 мамыр күні Бәйдібек аудандық сотының үкімімен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды.

Досалиев 12 миллион теңге айыппұл төлейді.

"Ол Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс объектісінің жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу