Түркістан облысында кәсіпкерлік саласына күш салынуда

1840

Өңірдегі индустриалды аймаққа қазір кеңінен көңіл бөлініп, 15 жоба қолға алынған.

Түркістан облысында кәсіпкерлік саласына күш салынуда

Түркістан қаласы 3 бағытта дамуда. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Олар: ауылшаруашылық, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, және туризм салалары. Шаһар көне Жібек жолының бойында орналасқан соң мұндағы сауда-саттық, жалпы кәсіпкерлік саласы қарқын алған. Өңірлік өнімнің де үлесі 30 пайыздан жоғары. Түркістанда қазірдің өзінде 13 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс жасайды.

Түркістан десе, әуелі көз алдымызға туризм, яғни Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Сауран секілді ескі қалашықтардың елестейтіні қақ. Ал қазір облыс орталығы саналатын шаһар жаңа бағытта дамуды көздеп отыр.

"Ол үшін ең әуелі кәсіпкерлік саласы мен өнеркәсіпті өркендету қажет", – дейді жергілікті билік. Өңірдегі индустриалды аймаққа қазір кеңінен көңіл бөлініп, 15 жоба қолға алынған. Солардың бірі – жиһаз фабрикасы.

"Түркістандық шеберлердің қолынан шыққан жиһаздарға сұраныс мол", – дейді кәсіпорын басшысы.

Еліміздің 10 облысына жөнелтілген тауарлар енді Ресейге де экспортталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу