Түркістан облысында кедейлік деңгейі 3,6 пайызға төмендеді

2023 жылы 110 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жоспарланса, 10 айда 104,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Түркістан облысында кедейлік деңгейі 3,6 пайызға төмендеді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Облыста бала туу деңгейі жоғары. Аталған фактор жан басына шаққандағы жиынтық табыстың төмендеуіне және көп балалы отбасылардың әлеуметтік көмекке жүгінуіне себеп болады. Дегенмен, жұмыспен қамту шараларының есебінен соңғы 3 жылда кедейлік деңгейі 3,6 пайызға төмендеген (2020 ж. – 10,8% немесе 220,1 мың адам,  2023 ж. – 7,2% немесе 154,7 мың адам). 2023 жылы 110 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жоспарланса, 10 айда 104,5 мың жаңа жұмыс орны қалыптасты (67,2 мың тұрақты)", – деді өңір әкімі. 

Сонымен қатар аймақта Мемлекет басшысының "10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу" бастамасы аясында 26 мыңға жуық жұмыс орны құрылды (жылдық жоспар 22 мың). Өз ісін ашуға ниетті 1 688 адам қайтарымсыз грант алды (жалпы 2,3 млрд.тг. бөлінді, 1 адамға 1,4 млн.тг.). 583 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие ұсынылды (жалпы 2,9 млрд.тг. бөлінді, 1 адамға 5 млн.тг. дейін).

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады.

"Білім беру саласында 2 526 ұйым қызмет көрсетеді. 1 393 мектепке дейінгі ұйымда 155 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 98,5 пайызды құрайды.

1 029 мектепте (мемлекеттік – 908, жеке – 121) 519 мың оқушы білім алып отыр.

Шалғайдағы елді мекендерде тұратын оқушыларды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған 101 автобус сатып алынды. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, 
1-4 сыныптағы оқушылар тегін ыстық тамақпен және мемлекеттік мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді", – деп толықтырды өңір әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу