Түркістан облысында кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

374

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Түркістан облысында кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді Фото: бейнеден скриншот

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүйелі негізінде пара алу фактісі бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің "Қазығұрт" кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбады.

Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу