Түркістан облысында қой айдауға кеткен ер адам бір айдан бері іздестірілуде

111

Ол Жетісайдан Шардараға қой айдауға кеткеннен кейін хабарсыз кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түркістан облысында қой айдауға кеткен ер адам бір айдан бері іздестірілуде Фото: бейнеден скриншот

Түркістан облысында 38 жастағы Мақсат Атабаев бір айдан бері табылмай жатыр. 

Анасы Ұлжан Жәнібекованың айтуынша, ұлы үйге қайтамын деп кеткен, бірақ сол күйі оралмаған.

“Біреу алып кеткен сияқты. Күнде жолға қарап, түнде дыбыс шықса, балам келіп қалды ма деп елеңдеп отырамын. Үмітімді үзбеймін”, – дейді ол.

Мақсат үйленбеген, анасымен бірге тұрады. Бұған дейін әртүрлі қара жұмыстарды атқарған. Жақындары оның жоғалуына досының немесе бөгде адамдардың қатысы болуы мүмкін деп күдіктенеді.

“Інім қой айдауға досымен бірге кеткен. Екі күн далада түнеген. Үшінші күні ол Датқа ауылында қалады. Ақшасыз жүрген. Мүмкін біреулер таныстары арқылы оны басқа жаққа алып кеткен шығар. Құлдықта ұстап отыр деп ойлаймыз”, – дейді әпкесі Айжан Атабаева.

Жақындары Мақсатты іздеп, барлық тастанды ғимараттар мен бөлімшелерді қарап шыққан, бірақ еш нәтиже болмаған.

“Полиция алғашында үйге келіп кетті. Содан бері ешқандай хабар жоқ”, – дейді туыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу