Түркістан облысында қой бағуға шығып, қайта оралмаған екі жасөспірім табылды

256

Жасөспірімдер медициналық көмекті қажет етпеді.

Түркістан облысында қой бағуға шығып, қайта оралмаған екі жасөспірім табылды Фото: Түркістан облысы ТЖД

Оқиға Созақ ауданында болды. 16 жастағы екі жасөспірім қой бағуға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы жедел құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 техникасы және 1 кинологиялық есеп қызметі, Түркістан облысы ТЖД-нің 14 қызметкері мен 3 техникасы, 2 пилотсыз ұшу аппараты, полиция департаментінің 33 қызметкері жұмылдырылды.

Сондай-ақ, ТЖМ қарасты "Қазавиақұтқару" мекемесінің еврокоптер тікұшағы мен жергілікті тұрғындар және еріктілер тартылды.

"Құтқарушылардың күшімен 28 маусым күні сағат 16:00-де жоғалған жасөспірімдер "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" РММ аумағынан табылды. Медициналық көмек қажет етпеді. Жасөпірімдер Таукент ауылының маңындағы штабқа тікұшақпен жеткізілді", - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу