Түркістан облысында көкпар берген адам жауапқа тартылды

629

Карантин кезінде көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Түркістан облысында көкпар берген адам жауапқа тартылды

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс бойынша карантин режимін сақтау, яғни бетперде тағып жүру, арақашықты сақтау көзделген. Осыған орай Төлеби ауданының полицейлері күнделікті карантин талаптарының сақталуы бойынша рейдтік тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Кезекті рейдтік тексеру кезінде учаскелік полицейлер мен мобильдік топ Төлеби ауданы Алғабас ауылының маңайында көкпар ойыны өтіп жатқанын анықтаған. Көкпарға 200-ден аса адам жиналған.

Тәртіп сақшылары белгіленген талапты сақтамағандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналғандарды тарқатты. Ал көкпарды ұйымдастырған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықты сақтап, үнемі антисептик қолданып, адамдар көп болатын орындарға бармауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу