Түркістан облысында көкпар кезінде атыс болды

1266

Оқиға Қазығұрт ауданында өткен заңсыз көкпар кезінде орын алған.  

Түркістан облысында көкпар кезінде атыс болды

Түркістандық полицейлер карантин режимін өрескел бұзып, заңсыз ұйымдастырылған көкпар кезінде белгісіз біреулер қарудан оқ атқан фактіні анықтады. Бұл туралы Қазығұрт аудандық ПБ-іне хабарлама келіп түскен. Алайда күдіктілер дереу жасырынып үлгерген. Дегенмен олар  тәртіп сақшылары мен ҰҚК және Ұлттық ұлан қызметкерлері жүргізген жедел   іздестіру шаралары кезінде құрықталды. "ВАЗ" маркалы автокөлігін тоқтату кезінде жергілікті жердің төрт азаматы ұсталды. Тінту кезінде көліктен сөмке табылып, оның ішінен 16 калбирлі шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды.

Полицейдер ұсталғандардың үйлерін тінту кезінде 16 калбирлі тағы бір мылтық пен екі травматиклық тапанша табылды.

Түркістан облыстық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп, қарудың қайдан алынғанын анықтауда",-деді Полиция департаментіндегілер.

Айта кетейік, карантин кезінде көкпар өткізу Түркістан облысында тыйылмай отыр. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері мұндай тәртіп бұзушылықтың 20-ға жуық дерегін анықтады.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу