Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

2019

2018 жылмен салыстырғанда егістік алқабы биыл 40 мың га ұлғаяды. 

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың мәлімдеуінше, биыл оңтүстік өңірінде 853 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған, деп хабарлайды otyrar.kz.

"2018 жылмен салыстырғанда егістік алқабы биыл 40 мың га ұлғаяды. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті  39 мың тонна жанар-жағармайға тапсырыс энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктеріне жіберілді. Қазір бағасы белгіленуде", – дейді облыстың бас аграршысы Нұрбек Бадырақов.

Бүгінде 430 мың га жер алқабы аударылып, 40 мың гектар  жер алқабында сор шаю жұмыстары жүргізілуде.

Мал шаруашылығы  саласында биыл  ұсақ малды 3 пайызға, жылқы, түйе, ірі қар мал басын 10 пайызға көбейту жоспарланып отыр.

Субсидия мәселесіне тоқталсақ, 2019 жылы агроөнеркәсіп кешені саласына 28 млрд. теңге қаржы қарастырылуда. Өсімдік  шаруашылық  саласындағы гектарлық субсидия 2018 жылдан бастап алынып  тасталды. Биыл гектарлық субсидия тек  мақта-өндірілген өнім көлеміне және субсидия күріш дақылына қарастырылған.

Ескеретін жәйт, субсидия өндірістік жылыжайларға да беріледі. Ал бұрыннан  жұмыс істеп келе жатқан жылыжай шаруашылықтарына субсидия  берілмейді. Өйткені осыған дейін оларды мемлекет қаржылай қолдап келді. Мұндай шаруашылықтар бүгінде кәсібін жақсы дөңгелетіп отыр.

Субсидиядан бөлек бүгінде сұранысқа ие, тиімділігі жоғары сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарастырылған.

Мәселен, қаржы несие ұйымдарынан 14 пайыздық үстемемен  алған несиенің 10 пайызын мемлекет субидияласа, шаруаға 4 пайыздық үстеме бойынша несиені өтеу қалады.

Егер бұрындары  гектарына 3 мыңнан-10 мың теңге дейін сусбсидия алса, бүгінде 10 пайыз үстемені мемлекет өз мойнына алып отыр. Бұл  шаруаға тиімдірек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу