Түркістан облысында көктемгі егістік науқаны басталды

129

Күннің райы диқандарға қолайлы болып тұр.

Түркістан облысында көктемгі егістік науқаны басталды Фото: baq.kz

Қазір Келес ауданындағы Біртілек, Қошқарата, Алпамыс батыр және Ақтөбе ауылдық округтерінде шаруалар қырыққабат, сәбіз және картоп дақылдарын егіп үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тез пісетін дақылдың өнімділігі де жоғары дейді шаруалар.

Биыл аудан бойынша көкөніс егуге 6 мың гектар, ал картопқа мың гектар алқап бөлінген.

"Сұранысы бар деген сорттарды егіп жатырмыз. "Зарисма" бірінші піседі. Одан кейін "Валикор", одан кейін "Фарао", сәуірдің басында. Қазір мына жерде бір 70 адам бар істеп жатқан. Бір күндері 40-45 адам болады, бір күндері 70 адам болады. Бір күндері 20 адам болады", – дейді шаруа Кәмілжан Дадаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу