Бұл шамамен 100-ден астам футбол алаңының көлеміне тең. Жоспар 790 мың шаршы метр болатын. Артығымен орындалды. Жыл соңында Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері "Отбасы банк" арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үйдің 151 пәтері "7-20-25" бағдарламасы арқылы тұрғындарға ұсынылды. Сонымен бірге 610 отбасы үйлі болды, оның 470-і – көпбалалы ана. Жалпы түрлі бағдарламалар және нақты сатып алу арқылы жүздеген отбасы жаңа баспанаға кірді.
Қазіргі таңда өңірде құрылыс қарқыны жоғары. Әсіресе Түркістан қаласында тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығы және өзге де аумақтардағы тұрғын үйлердің құрылыс барысын қадағалап, мердігерлермен кездесті.
Тұрғын үйлердің инфрақұрылымы, электр, жылу жүйесі талапқа сай болуы керектігін айтқан өңір басшысы құрылыс сапасы қатаң бақылауда тұрғанын ескертті.
– Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан осы салаға жауапты басшылар мен мердігерлер үйлерді талапқа сай етіп салулары керек. Ел сенімін ақтау – парыз, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Биыл Түркістан облысында 10 мыңдай отбасы баспаналы болады. 836,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Дәлірек айтсақ, барлық қаржыландыру көздерінен 220 үй бой көтермек.
Қазіргі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде 45 мыңнан астам азамат тіркелген.