Түркістан облысында көлік апатынан екі адам қайтыс болды

1213

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, жолда мұқият болуды ескертеді.  

Түркістан облысында көлік апатынан екі адам қайтыс болды

Бүгін таңғы сағат 6.30-да Ордабасы ауданы Көкарал ауылы ауданындағы Шымкент-Түркістан автожолының 67 шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Түркістан облысы ПД-нің Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, департаменттің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы болған жерге Түркістан облысы ПД мен аудандық полиция бөлімінің жедел терге тобы жетіп, бір бағытта жүріп бара жатқан "Хюндай Старекс" автокөлігінің жүргізушісі МТЗ тракторымен соқтығысқанын анықтады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Хюндай Старекс"көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 4 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге және қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
ЖКО жайты бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Жүргізуші қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу