Түркістан облысында колледж директорын бопсалаған әйел 7 жылға сотталды

357

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің пайдасына 28 000 000 теңге өндіріп беретін болды.

Түркістан облысында колледж директорын бопсалаған әйел 7 жылға сотталды Фото: canva.com

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 2018 жылы болған. Колледжге қызметке орналасқан келіншек директормен жыныстық қатынасқа түсіп, оны ұялы телефонына басып алған. Содан бастап, қомақты қаражат бермесең, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытып келген. Алғашқыда 2 500 000 теңге алған әйел, бұл әрекетті бірнеше мәрте қайталаған. Бірте-бірте қаржы көлемінде ұлғайтып отырған. Бірінде көлік алып беруін талап еткен. Ал, ең соңғы талабында 13 млн теңге сұраған.

Күдіктінің қылмыстық әрекет жасауын тоқтатпайтынына көзі жеткен жәбірленуші Түркістан облысының полиция департаментіне арызданған.

Сот шешімімен сотталушы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Сот түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің пайдасына 28 000 000 теңге өндіріп беретін болды.

"Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ" - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу