Түркістан облысында Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған бала қайтыс болды

428

Кенені қолмен алып, жұлып, мыжғылап тастауға болмайды.

Түркістан облысында Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған бала қайтыс болды Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған бала қайтыс болды. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды

Мамандардың сөзінше, кене шаққан баланың қайтыс болуына медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болған.

Сондықтан дәрігерлер кене шаққан жағдайда бірден дәрігерге көріну керектігін ескертеді.

"Кене шаққан адам тез арада дәрігерге жүгінуі керек. Кенені қолмен алып, жұлып, мыжғылап тастауға болмайды. Арнайы қысқышпен ақырын тартып алу керек. Себебі, қан шашырап адамға ауру жұғуы мүмкін. Кене шаққан адам 14 күндік медициналық бақылауға алынады", - делінген хабарламада.

Жалпы, Түркістан облысында жыл басынан бері 985 адамды кене шаққан. Оның ішінде ең көбі Сауран ауданында тіркеліп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу