Түркістан облысында көпір құлады

236

Ұзақ жылдар бойы қолданыста болған көпірдің тірек бағаналарының түбі шайылып кеткен.  

Түркістан облысында көпір құлады Фото: Келес аудандық әкімдігі

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округі аумағында, Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар автожолында көпір құлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Аталған жағдайға байланысты алдын ала қауіп белгілері анықталып, дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылған болатын. Соның арқасында адам шығыны мен материалдық залалға жол берілген жоқ, – деп хабарлады Келес аудандық әкімдігі.

Көпір бойымен "Дарбаза ТСЖ" қарасты су құбыры өткен, ол зақымданған. Су құбыры қалпына келтірілгенге дейін Қошқарата ауылдық округі Ұшқын елдімекеніндегі 137 үйге ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су тасымалдау ұйымдастырылды.

Көпір облыстық "Оңтүстік жолдары" МКК-нің меншігінде. Оның ұзындығы – 70 метр, ені – 10 метр және биіктігі – 6,5 метр.

Нысан 1970 жылдары салынған, 2010 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы "Оңтүстік жолдары" МКК тарапынан көпірдің жағалаулары бетонмен бекітілген.

Төтенше жағдай орнындағы жағдай тұрақты, мамандар көпірдің техникалық жағдайын тексеріп, қорытынды ұсынады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу