Түркістан облысында қорадан өрт шығып, 1 адам көз жұмды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, биыл 31 қаңтарда таңғы сағат 7:15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалығында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түскен.
"Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал, ал екінші қабатында шөп болған. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасы – 40 шақырым. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жетті", – деді Берік Уәли.
Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды.
"Өрт сағат 10.23 толық сөндірілді. Оны сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды", – деді ТЖМ ресми өкілі.
ТЖМ қазақстандықтарға өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.