Ленгір қаласы тұрғындарының сұранысына сай электр жүйелерінің қуаттылығын арттыру мақсатында "Алатау" мөлтек ауданында қосалқы станцияның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қуаттылығы – 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10. Қосалқы станция құрылысына республика бюджеттен 2 млрд. 169 млн. теңге қаржы қарастырылып, арнайы 2,0 га жер бөлінді. Іске қосылған жағдайда аудан орталығының "Қазығұрт", "Самал", "Алатау", "Шаңырақ" мөлтек аудандарындағы жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу