Түркістан облысында көше тазалап жүрген жұмысшыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды otyrar.kz.
Темірлан тас жолы бойында жол көлік оқиғасы орын алды. Қоғамдық автобус көше тазалап жүрген "ЛТД Тұрмыс" серіктестігінің жұмысшысын қағып өткен.
Марқұмның жасы шамамен 40-та.
Жұмысы таңғы алтыда басталатын жұмысшы өзіне бекітілген аумақты тазалап жатқан. Көзге алыстан байқалатын сары түсті күртеше киген әйелді автобус жүргізушісінің байқамауы мүмкін емес.
Оқиға орнында тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу