Түркістан облысында "Көшпенділер ойыны" өтті

802

Ленгір қаласында өткен ұлттық ойындардың 7 түрінен (жамбы ату, асық ату, қошқар көтеру,  қазақша күрес, аударыспақ, тоғызқұмалақ, арқан тартыс) сайысқа 14 ауданнан командалар қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында "Көшпенділер ойыны" өтті

Стадион аумағына киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастарқан жайылды. Сайысқа 14 және 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Командалық есеп бойынша Төлеби ауданы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Жамбы ату сайысында: ІІІ орынды – Түлкібас ауданы, ІІ орынды – Арыс қаласы, І орынды – Төлеби ауданы иемденді.

Аударыспақта: ІІІ орынды – Отырар ауданы, ІІ орынды – Қазығұрт ауданы, І орынды – Төлеби ауданы жеңіп алды.

Қошқар көтеруден: ІІІ орынды – Бәйдібек ауданы, ІІ орынды – Төлеби ауданы, І орынды – Отырар ауданы алды.

Тоғызқұмалақ ойынынан: ІІІ орын – Отырар ауданына, ІІ орын – Сарыағаш ауданына, І орын – Бәйдібек ауданына бұйырды.

Қазақша күрестен: ІІІ орынды – Түлкібас ауданы, ІІ орынды – Келес ауданы, І орынды – Бәйдібек ауданы иемденді. 

"Көшпенділер ойыны" атты облыстық сайыста командалық есеп бойынша ІІІ орынға – Отырар ауданы, ІІ орынға – Бәйдібек ауданы, І орынға Төлеби ауданы жайғасты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу