Кәсіпкер Ақбаян Алтауова Жетісай қаласында күріш өңдейтін цех ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қажетті жабдықтар кәсіпкердің Қытайдан тартылған 190 млн теңге көлеміндегі инвестициялық қаражаты есебінен сатып алынды.
Дайын өнім өңірдегі сауда нүктелерінде, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында сатылуда.
Кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда Жетісай қаласына 94,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жалпы 8 жоба жүзеге асырылды, алдағы жылдарға тағы 6 жобаны қолға алу межеленіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу