Түркістан облысында қылмыс деңгейі 3,7%-ға төмендеді

376

Өңірде қылмыстың алдын алуға арналған 2026–2028 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді.  

Түркістан облысында қылмыс деңгейі 3,7%-ға төмендеді Фото: azattyq-ruhy.kz

Түркістан облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиында соңғы жылдары өңірде қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі сақталып отырғаны айтылды. Биылғы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 3,7%-ға азайған.

Кеңесте алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері жеке тұлғаға қарсы жасалған әрбір алтыншы, ал отбасылық-тұрмыстық саладағы әрбір жетінші қылмыс масаң күйде жасалғаны анықталған.

Сондай-ақ прокурорлық талдау барысында полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылардың алкогольді қайдан және қашан сатып алғанын барлық жағдайда анықтамағаны белгілі болды. Осыған байланысты заңсыз алкоголь айналымына қарсы күресті күшейту, ойын-сауық орындарындағы қоғамдық тәртіпті бақылауды және патрульдік қызметтің тиімділігін арттыру тапсырылды.

Бұдан бөлек, облыс прокуратурасы өңірдегі криминогендік ахуалды жақсартуға бағытталған 2026–2028 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Құжат құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған кешенді шараларды қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу