Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция бөлімінің мәліметінше, қылмыстық топ былтырдан бері 5 млн теңгенің малын қолды қылған, деп хабарлайды inbusiness.kz
Жедел-іздестіру шарасы барысында 2 күдікті Алматы қаласынан және олардың сыбайласы Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды.
Қылмыстық топ мүшелері Түркістан, Алматы облыстарының тұрғындары болып шықты. Олардың біреуі бұған дейін сотты болған.
"Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалы жүріп жатыр", – деп нақтылады криминалдық полиция бөлімінің өкілдері.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу