Түркістан облысында қыз зорлады деген күдікті қамауға алынды

825

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Түркістан облысында қыз зорлады деген күдікті қамауға алынды Фото: google

21-мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру  іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу