Түркістан облысында лицей-интернаттың жатақханасы өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Отырар ауданындағы лицей-интернаттардың бірінде жатақхананың шатыры өртенген. Өрт аумағы - 561 шаршы метр.
Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға кезінде жатақханада бір ғана күзетші болған. Құтқарушылардың айтуынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу