Түркістан облысында мақтаның тоннасы 150 мың теңгеден қабылдануда

3526

Түркістан облысы бойынша биылғы жылы 131 мың гектар алқапқа мақта дақылы егілген. Жоспар бойынша, 343,6 мың тонна шитті мақта жиналуы керек.

Түркістан облысында мақтаның тоннасы 150 мың теңгеден қабылдануда

Өңірде бүгінгі таңда 25,8 мың тонна шитті мақта жиналды, ол жалпы қордың 8%-ы. Аймақта қайта өңдеумен айналысатын 16 зауыттың 7-і шитті мақтаның 1 тоннасын 150 мың теңгеден қабылдауды бастады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. 

Сондай-ақ,  облыс аумағында жиналған шитті мақтаны алғашқы өңдеуден өткізетін 16 лицензияланған мақта өңдеу кәсіпорындарының 184 қабылдау бекеттері жұмыс істеуде.
"Шаруаларды қолдауға орай, өнімдерге субсидия төленетін болады. Бұл бағытқа 1,9 млрд теңге қаржы қаралған. Мәселен, мақта өніміне субсидия алу үшін мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 12 мың теңге төленсе, қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өңдеуге өткізілген күріштің 1 тоннасына 4 мың теңге субсидия беріледі", – деді Нұрбек Бақтыбайұлы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу