Түркістан облысында мақтаның тоннасы 250 мың теңгеден қабылданып жатыр

1164

Мақтаарал, Жетісай аудандарында мақта терімі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркістан облысында мақтаның тоннасы 250 мың теңгеден қабылданып жатыр

Облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шитті мақтаның бір тоннасы 250 мың теңгеден қабылданып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың теңгеге қымбат. 

Өңірдегі 18 мақта өңдеу зауытында 206 мақта қабылдау бекеті жұмыс істейді. 

Биыл 110 мың гектар алқапқа мақта егілген. Жоспар бойынша 250 мың тонна шитті мақта жиналуы керек. 

Айта кетейік, өңірде күзгі жиын-терім науқаны жүріп жатыр. 

Бүгінде 1,1 млн тонна көкөніс, 1,7 млн тонна бақша, 290 мың тонна картоп, 61 мың тонна жеміс-жидек жиналды. Жыл соңына дейін 3,5 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр. Осы жылы 842,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу