Түркістан облысында мал базарында аю да тұр

1587

Әзірге жануардың қайдан, кім әкелгені хабарланған жоқ.

Түркістан облысында мал базарында аю да тұр

Түркістан облысында мал базарына аю әкелінген, деп хабарлады Фейсбук әлеуметтік желісінде Ғани Назарбек.

"Ақпанның 3-і күні сағат 11:00 шамасында Түркістан облысы Сайрам АІІБ-не "102" нөміріне азамат Б.Д. хабарласып, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан жаңа мал базарының аумағында аю жануарының темір тор ішінде тұрғанын хабарлады. Келіп түскен хабарлама бойынша 03.02.2019 жылы Сайрам АІІБ- нің табиғат қорғау, Түркістан облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторларының бірлескен тексеруі барысында, жоғарыда аталған мал базарында көлемі 2х3 темір тордың ішінде бір дана ақшыл-қоңыр түсті жабайы аюдың тұрғаны анықталды", – деп жазады желі қолданушысы парақшасында. 

Осы факті бойынша материалдар Түркістан облысы Сайрам ауданының АІІБ-не тапсырылып, ҚР ҚПК-нің 179 бабына сәйкес, 04.02.2019ж. СТБТ-ға тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу