Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 19 қылмыстық топ ұсталды

157

Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті мәлім етті.

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 19 қылмыстық топ ұсталды Фото: informburo.kz

Түркістан облысында өткен жылы 615 бас мал ұрланып, оның 474 басы өз иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Полицейлердің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысып жүрген 19 қылмыстық топ ұсталып, 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 47 мал ұрлығына қатысы бары анықталды, – делінген ресми хабарламада.

Мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы өңірде 100-ден аса мал ұрлығы тіркелген.

Еске салсақ, таяуда Түркістанда ҚР ІІМ-нің "2024-2026 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл" бағдарламасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Жиын барысында малға ен салып, таңбалау мәліметтерін тексеру үшін полиция планшеттерінің ветеринариялық қызмет дерекқорларымен өзара іс-қимылы мен интеграциясын күшейту мәселелері талқыланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу