Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 4 қылмыстық топ ұсталды

1530

Криминалдық полиция басқармасы "Мал ұрлаушы" іс-шарасын қорытындылады. 

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 4 қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысты 30-дан астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы "Мал ұрлаушы" іс-шарасын қорытындылады. Аталған шараға криминалды және әкімшілік, жергілікті полиция мен ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері қатысты. Облыс аумағында 30-дан астам мал ұрлығы ашылды. 

Аудан-қалаларда мал сатумен айналысатын орындар мен  мал тасымалдайтын көліктер, ет өңдейтін нүктелер  мен мал соятын орындар тексерілді. Облыс көлемінде 40 шақты тосқауыл бекеті қойылып, рейд өткізілді.

Жұмыстардың нәтижесінде төрт ұрлыққа қатысы бар 10-нан астам қылмыс ашылды. Криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан 4 қылмыстық топты жойды. Мәселен, шара  барысында Отырар ауданында мал ұрламақ болған қылмыстық топ мүшелері ұсталған. Олардың үшеуі жергілікті тұрғын екендігі анықталып, біреуінің бұрын сотталғаны белгілі болды. Тергеу барысында күдіктілердің жалпы көлемі миллион теңгеден асатын 3 мал ұрлығына қатысы бар екендігі анықталған.

Қазіргі уақытта топқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу