Түркістан облысында маңызды жол өткелінің құрылысы аяқталуға жақын

466

Қазығұрт ауданындағы нысандағы жұмыстар 90 пайызға орындалды.  

Түркістан облысында маңызды жол өткелінің құрылысы аяқталуға жақын Фото: Бейнероликтен

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында республикалық маңызы бар "Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент" автожолының 756-шақырымындағы жол өткелі күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сарапхана елді мекеніне жақын орналасқан нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Қазір абаттандырудың соңғы кезеңі жүргізіліп, жол жиегіндегі науалар, темірбетон блоктар және дөңгелек қағатын брустар орнатылуда.

Жоба аясында жол өткелін жаңарту, оңға және солға бұрылатын жолайрықтар салу және қажетті жол инфрақұрылымын орнату қарастырылған. Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру үшін 101 тірек пен 127 жарықтандырғыш орнатылады.

Жұмыстарды 2026 жылғы қазан айының соңына дейін аяқтап, нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Жаңғыртылған жол өткелі аталған учаскедегі қозғалыс қауіпсіздігін жақсартып, жүк және жолаушылар тасымалына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу