Түркістан облысында медицина саласының үздік мамандары марапатталды

1012

Өңірде денсаулық сақтау саласында жалпы 23 585 маман жұмыс істейді.

Түркістан облысында медицина саласының үздік мамандары марапатталды

Түркістан облысында "COVID-19" індетімен күрес кезінде ерекше көзге түскен медицина саласының қызметкерлері марапатталды. Аймақтың бас дәрігері Марат Пашимов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына сүбелі үлес қосқан ақ халаттыларға алғыс білдіріп, қуаныштарымен құттықтады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шарада облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Вячаслав Цой – үздік дәрігер, Түркістан қалалық орталық ауруханасының мейірбикесі Эльмира Сейітова – үздік мейірбике атанды. Ал, №1 Облыстық перинатальдық орталығы – үздік медицина мекемесі деп танылды.

Айта кетейік, өңірде денсаулық сақтау саласында жалпы 23 585 маман жұмыс істейді. Қазіргі таңда, облыста 88 науқас коронавирустан ем қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу