Түркістан облысында медициналық қарсы көрсетілімі бар 89 адам көлік жүргізген

301

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында прокуратура азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жол қауіпсіздігіне қатысты заң талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында медициналық қарсы көрсетілімі бар 89 адам көлік жүргізген Фото: ЖИ

Тексеру барысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік басқаруға медициналық тұрғыда қарсы көрсетілімі бар 89 азаматтың жүргізуші куәлігі болғаны және олардың көлік тізгіндеуіне рұқсат берілгені анықталды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты аурулары бар азаматтарға медициналық қарсы көрсетілім болған жағдайда көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот шешімімен аталған тұлғалардың көлік құралын басқару құқықтары тоқтатылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау органының араласуынан кейін жауапты лауазымды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу