Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды

976

Ғимарат өртенбеген, оның шатыры құлаған.

Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды

Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, оқыс оқиға 15 ақпанда таңғы сағат 8.05-те Сайрам ауданы Қайнар бұлақ ауылдық округі Ошақты ауылында болған.

"Ауылдағы Рысқұлов көшесі, 19а аумағында орналасқан Құрманғазы атындағы орта мектебінен жеке тұрған қазандық жарылған. Салдарынан жалпы ауданы 20 шаршы метр болатын ғимараттың шатыры құлаған, нысан өртенбеген. Өртке қарсы қызмет шақырылмаған. Оқиға орнында 1963 жылы туған от жағушы көз жұмды", – деп жазылған хабарламада.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқан ер адам Ошақты ауылында тұрған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу