Түркістан облысында мектеп оқушылары бір-бірін аяусыз соққыға жыққан

571

Сарыағаш ауданында бұзақылық жәйті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Түркістан облысында мектеп оқушылары бір-бірін аяусыз соққыға жыққан Фото: видео скриншот

Түркістан облысының Полиция департаменті мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, олардың барлығы полицияға жеткізілді, тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта жанжалдың шығу себептері анықталып жатыр. Жәбірленуші анасымен бірге тұрады, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдың тұрғындары, 7 және 9-сынып оқушылары.

Жанжалға қатысы барлардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады. Іс Департамент бастығының бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу