Түркістан облысында мектеп оқушысы қыз зорлады деген күдікке ілінді

238

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Түркістан облысында мектеп оқушысы қыз зорлады деген күдікке ілінді Фото: inbusiness.kz

Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

"Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.  Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада. 

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сенсек, оқиға 24 сәуір түнгі сағат 2:00 шамасында болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу