Түркістан облысында мектепті жөндеу жұмыстарына еден жуушылар тартылған

843

Білім басқармасы пікір білдірді.  

Түркістан облысында мектепті жөндеу жұмыстарына еден жуушылар тартылған Фото: Бейнежазбадан

Желіде Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Көктөбе ауылындағы мектепте түсірілген бейнежазба тарады. Видеода әйелдер мектеп ғимаратында жөндеу жұмыстарын жасап жатқанын көруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Түркістан облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсінік берді.

"Аталған жұмыстар – мектеп ғимаратын жаңа оқу жылына дайындау мақсатындағы жоспарлы жазғы жөндеу жұмыстарына дайындық кезеңі. Мектептің техникалық қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттері аясында ұсақ жөндеу, ретке келтіру, тазалық және абаттандыру жұмыстарына қатысады. Бұл жерде құрылыс жұмыстары техникалық қызметкерлерге беріліп, олар қосымша немесе артық жұмысқа тартылып жатқан жоқ. Қызметкерлердің еңбек міндеттері мен жұмыс уақыты қолданыстағы талаптарға сәйкес жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар мектепте жүргізіліп жатқан әктеп-сырлау жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастырылмағаны және аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілмегені де айтылды. 

"Тек жазғы кезеңдегі әктеп-сырлау жұмыстарына қажетті сыр-бояу (краска) мен эмульсия сатып алуға ғана қаржы бөлінген", – деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу