Түркістан облысында мемлекеттік материалдық резервті сақтау базасының құрылысы басталды

374

Түркістан облысында "Резерв" РМК-ның "Заря" филиалы аумағында капсула салу рәсімі өтіп, мемлекеттік материалдық резервті сақтау базасының құрылысы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында мемлекеттік материалдық резервті сақтау базасының құрылысы басталды Фото: ТЖМ

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысты.

Филиал Арыс қаласында орналасқан және мемлекеттік материалдық резерв сақтау нысандарын орналастыруға қажетті көлік инфрақұрылымына ие.

Жоба аясында заманауи қойма үй-жайларын, әкімшілік-тұрмыстық корпусты, өрт сөндіру депосын және ілеспе инженерлік инфрақұрылымды салу көзделген. Нысандардың бір бөлігі арнайы сақтау шарттарын талап ететін материалдық ресурстарды сақтауға арналатын болады.

Бүгінгі таңда негізгі инженерлік іздестіру және дайындық жұмыстары аяқталды. Жобаны іске асыру материалдық ресурстарды сақтау мүмкіндіктерін кеңейтіп, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу