Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

1159

Түркістан облысында шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Сарыағаш ауданынының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында үш қыз дүниеге әкелді. Бүгінде мерзімінен ерте туған нәрестелер №1 Облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің бақылауында.

"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұл мен екі қызым асыға күтуде. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда, ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", - дейді ана.

Жаңа туған сәбилерге Жәния, Рабия, Сания есімдері берілді.

Ақ халаттылардың біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды. Себебі, жеті жарым айлық болып өмірге келген шақалақтардың өкпесі дұрыс дамымай, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетсек, жыл басынан бері орталықта 1 571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу