Түркістан облысында металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салынады

388

Құны 7 млрд. теңгелік инвестициялық жоба тұрақты түрде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтымақ. 

Түркістан облысында металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салынады Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асады деп көзделіп отыр, деп жазады inbusiness.kz

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен "PSI Group" ЖШС-нің өкілі Павел Беклемишев екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде жобаны бірлесе жүеге асыру қарастырылған.

Айта кетейік, аталмыш компания-инженерлік жобалау мен материалдық-техникалық жабдықтаудан бастап өнеркәсіптік объектілерді салумен айналысады. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін, энергетиканы, металдар мен мұнай мен газ саласы, нарықтың негізгі секторлары үшін металл конструкциялары мен модульдік қосалқы станцияларды дайындауға бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу