Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыты ашылады

1292

Жобаның құны – 11 млрд теңге. 

Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыты ашылады

Биыл Арыс қаласында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Гүлжан Құрманбекова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін Арыста мұнай өңдеу зауыты жұмысын бастайды. Нәтижесінде 112 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Зауыт "ҚаратауТрансСервис" компаниясына тиесілі. Жобаның жалпы құны – 11 млрд теңге.

"2021 жылғы бірінші жартыжылдықта қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 млрд 118,9 млн теңге болып, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемі 153,8 млн теңгеге өсті", - деді Гүлжан Құрманбекова брифингте.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу