Оның ішінде автоматты түрде жылдамдықты өлшегіш құралдарының көмегімен жалпы 282 мыңға тарта құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Түркістан облысының тәртіп сақшыларымен көлікті мас халде тізгіндеген 1000-нан астам жүргізушіні құрықтады. Ал жылдамдықты асырумен 274 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылған. Қарсы бағытқа шығу бойынша 700-ден астам жүргізушіге шара көрілген. Көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданған 7431 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылған. Ал қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша 41 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған", - деп жазды ведомстводан.
Облыс бойынша 870-тен астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған. Жол ережесін бұзған 40 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылған.