Түркістан облысында оқушы қымыз құйғыш робот жасады

546

Қымыз құйғыш робот жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінде жүлделі болды. 

Түркістан облысында оқушы қымыз құйғыш робот жасады Фото: otyrar.kz

Робототехниканың мүмкіндіктерін адам игілігіне пайдалану мақсатында Төлеби ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек ұстазы Лаура Жақсыбекованың көмегімен "Асылбек" деп аталатын қымыз құйғыш робот жасады, деп жазады inbusiness.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Кез келген адам аталмыш роботқа арнайы пластикалық картаны жақындату арқылы "Асылбекті" сөйлете бастайды. Содан кейін робот қымыздың шипалы қасиеті туралы қысқаша мағлұмат береді. Содан соң ғана "Асылбек" ыдысқа шөлді басатын пайдалы сусын құяды.

– Роботтардың түрлеріне, жұмыс істеу принциптеріне қызығушылығым бұрыннан бар болатын. Мұндай робот құрастыру идеясы мектебімізде өткен информатика пәні апталығында ұйымдастырылған роботтар көрмесі кезінде туды. "Асылбек" роботын жасау туралы ойыммен алдымен мұғалімім Лаура апаймен бөлістім. Ол идеямды қолдап, құрастыруда көмектесетінін айтты. Менің роботым оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығын арттырумен қатар, емдік қасиетке ие сусын қымыз арқылы жастардың арасында салауатты өмір салтын дәріптейді. Ұлттық сусынымызды насихаттайтын болғандықтан, "Асылбектің" ұлттық киімде болғаны дұрыс деп шештік, – дейді Жансұлтан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу