Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазығұрт ауданындағы мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу дерегінше, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 2025 жылдың 20 қаңтарында өз автокөлігінде 2010 жылы туған жасөспірімге азғындық әрекет жасаған.
Сот процесінде прокурор айыпталушыны кінәлі деп танып, оны белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды және 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, ол педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына шеттетілді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.