Еңбекші ауылында Боралдай көшесіндегі тұрғын үй ауласында орналасқан шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт сөндірушілер келген кезде аумағы 100 шаршы метр болатын құрылыс толығымен жалынға оранған. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ішінен екі газ баллонын тапқан.
Мамандар баллондардың қатты қызып, жарылу қаупінің алдын алып, өртті жедел сөндірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу