Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Ордабасы ауданында жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға "BS-Agro Product" ЖШС-і суаруды қажет етпейтін "Сitrullus Lanatus" сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, 6,6 тонна қарбыз дәнін жинап алған. Дәл осы қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие. Жалпы, Ордабасы ауданындағы ауылшаруашылығы саласындағы өнім көлемі 43 млрд 175 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд 371 мың теңгеге артқан.
Ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында 5 млрд 139 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.