Түркістан облысында отшашудан 2 бала жарақат алды

134

Оқыс оқиға Сарыағаш ауданында болған. 

Түркістан облысында отшашудан 2 бала жарақат алды Фото: freepik

Жасөспірімдер пиротехникалық бұйымдарды ересектердің бақылауынсыз қолданған. Салдарынан әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

"Пиротехникалық бұйымдарды балалар мен жасөспірімдер пайдалануына қатаң тиым салынады. Бұндай бұйымдарды пайдалану тек ересектердің қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып қолданылады. Пиротехникалық бұйымдарды адамдар көп жиналатын орында және тұрғын үйдің маңында қолдануға тыйым салынады. Қауіпсіздік жағдайларын елемеу қайғылы жайттарға немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін", – деді Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу