10 қазан күні Түркістан облысының Төлеби ауданы полициясының кезекші бөліміне өңірдің ТЖД-дан Ақсу өзенінде белгісіз мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Тексеру кезінде өзеннің оң жағалауынан табылған мәйіттің суда ұзақ тұруына байланысты оны тану мүмкіндігі болмаған. Мәйітке тез арада сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес әйелге тиесілі екендігі анықталды.
Бұл жайт Төлеби АПБ-де тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу