Түркістан облысында өзгеге әлімжеттік жасаған оқушының анасы кешірім сұрады

1506

Ал прокурорлар 33 мектептің директорын жинап, жауаптыларды қатаң жазалайтындығын ескертті.

Түркістан облысында өзгеге әлімжеттік жасаған оқушының анасы кешірім сұрады

Түркістанда оқушылар арасында әлімжеттік жасаған жасөспірімнің анасы көпшіліктен жылап тұрып, кешірім сұрады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оқушылар арасындағы дауға қатысты бүгін прокурорлар Түркістан облысындағы 33 мектептің директорын жинап, жауаптыларды қатаң жазалайтындығын ескертті.

Салаға жауаптылардың сөзінше, жағдай Түркістан қаласындағы үш мектептің 9-сынып оқушыларының арасында орын алған. Оқиғаға байланысты жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық әрекеттер жасалғаны анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу барысында ата-аналардың, мектеп басшыларының және ювеналды полиция тобының жауапкершіліктері қаралуда.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірім өзге оқушыларды ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео таралған еді. Кейінірек Түркістанда осы жағдайға байланысты жедел баспасөз мәслихаты өткізіліп, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар орын алған жайтқа қатысты пікір білдірген болатын. Мамандардың сөзінше, оқиға сабақтан тыс уақытта болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу